Қазақстан құрамасының шабуылшысы мансабында тұңғыш рет хет-трик жасады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы мансабында тұңғыш рет хет-трик жасады
Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Павел Акользин мансабында тұңғыш рет хет-трик жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Магнитогорскілік “Металлург” сапында өнер көрсететін форвард Гагарин Кубогы 1/8 финалының алтыншы матчында “Автомобилист” қақпасына үш шайба соғып, көзге түсті.

Айта кетейік, бұл кездесуде “Металлург” 6:3 есебімен жеңіске жетті. Серия жеңімпазы жетінші матчта Екатеринбургте анықталады.