Екі мәнерлеп сырғанаушымыз еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Қысқы спорт
Мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ерлер арасындағы қысқа бағдарлама сайысы аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бірінші жарыс күнінің нәтижесінде қос қазақстандық спортшы еркін бағдарламада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Қысқа бағдарламасы үшін 62.47 ұпай жинап, 19-орынға жайғасқан Рахат Бралин мен 22-орынға тұрақтаған Диас Жиренбаев еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Ал Олег Мельников болса, қысқа бағдарлама нәтижесінде 35-орын алып, жарыс жолын аяқтады.