Отандық боксшылар әлем чемпионатына ресейлік қарсыластарымен бірге дайындалады

Отандық боксшылар әлем чемпионатына ресейлік қарсыластарымен бірге дайындалады
Бокс

Бокстан Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында ресейлік былғары қолғап шеберлерінің әлем чемпионатына дайындығын Қазақстан командасымен пысықтайтынын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"18 наурыз күні Қырғызстанға ұшамыз. Сол жақтың мықты боксшыларымен және қазақстандық былғары қолғап шеберлерімен дайындықты пысықтаймыз. Кездесулер үш минуттық үш раундтан тұрады. Бұл дайындықтың соңғы кезеңі болады. 29-30 сәуір күндері Ташкентке барамыз", - деді Виктор Фархутдинов. 

Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр күндері Ташкентте өтеді. ІВА шешімімен Ресей және Беларусь боксшылары әлем чемпионатында өз туларының астында өнер көрсетедіү