Дзюдо: Санжар Еруланұлы Ташкенттегі әлем біріншілігінің финалына жолдама алды
ҰОК
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Санжар Еруланұлы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz O;ympic.kz-ке сілтеме жасап.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз жартылай финалда испаниялық Никита Юдановпен кездесті. Аса тартысты өрбіген белдесуде қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, жеңісті жұлып алды.
Енді шешуші финалдық белдесуде Санжар Еруланұлы жапониялық Шокей Хираномен әлем чемпионатының алтын жүлдесін сарапқа салады.
Айта кетейік, бүгін тағы екі отандасымыз жүлделі орындар үшін күреседі. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) пен Әділжан Жаудинов (+100 келі) қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алған болатын.