Санжар Еруланұлы Ташкенттегі әлем чемпионатында топ жарды
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз шешуші финалдық белдесуде жапониялық Шокей Хираномен күш сынасты. Тартысты өткен ақтық сында Санжар қарсыласынан басым түсіп, жаһандық доданың жеңіс тұғырына көтерілді. Осылайша, Ташкент татамиінде Қазақстан құрамасының қоржынына екінші жүлде түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір балуанымыз Асқар Біржанов қола медаль жеңіп алған болатын.