Ноэль Ле Гре Францияның спорт министрін сотқа бермекші
Футбол
Франция футбол федерациясының экс президенті Ноэль Ле Гре елдің спорт министрі Амели Удеа-Кастераны сотқа бемекші, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұл туралы оның адвокаты Тьерри Марамбер хабарлады.
"Жала жапқаны үшін біз республикалық сотқа оның үстінен арыз бермекшіміз", - деді Тьерри Марамбер.
Ле Гре жақтаушылары министрді аудиторлық есептегі жалған ақпарат үшін айыптап отыр. Осы есептің нәтижесінде Ле Гре Франция футбол федерациясы президенті қызметінен кеткен. Ол 11 жыл бой ыос ықызметті атқарып келген еді.
ФИФА президенті Джанни Инфантино Ле Грені ұйымның Париждегі жаңа кеңсесінің басшы етіп тағайындағанын айта кетейік.