Каканың бастауымен жас футзалшылар Түркістанда жиын өткізеді
KFF
Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасай отырып.
Жиын 26 қарашадан бастап, 5 желтоқсанға дейін ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака бастауымен жалғасады. Жиын барысында екі жолдастық кездесу жоспарланған.
Жиынға шақырту алған ойыншылардың тізімі: Қақпашылар: Артур Галиханов («Аят»), Бек Төлен («Қайрат»), Әли Жақыбай («Астана»);
Алаңдағы ойыншылар: Семен Тарасенко («Тюмень», Ресей), Георгий Калачев («Тұлпар»), Имран Абдрахманов, Нұрғиса Серібек, Әлмерек Тілеуберген (барлығы – «Қайрат»), Сайфулла Қоспанов, Александр Когай (екеуі де – «Ақтөбе»), Әлімжан Сейтнұр («Жетісу»), Нұрмұхаммед Исмаилов, Заур Гайдаржи (екеуі де – «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Асқар Саяуыш, Рахат Биболатов (екеуі де – «Бәйтерек»);