«Астана» мен «Челси» ойынының билеттері сатылымда
ФК “Астана”
Бүгіннен бастап «Астана» футбол клубы мен ағылшындық «Челси» командасы арасындағы тартысты ойынның билеттері сатылымға шықты. Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарланды.
Клуб мәліметінше, матчқа қызығушылық жоғары болғандықтан, билет сатылымы кезінде қауіпсіздік шаралары енгізілді:
1) Бір адамға 4 билетке дейін сатылады. Сатып алу үшін электрондық пошта, телефон нөмірі және несие картасын тіркеу қажет.
2) Билеттер тек жеке тұлғаларға рәсімделеді, әрбір келушінің мәліметтері тапсырыс беру кезінде көрсетілуі тиіс. Матчқа кіру үшін жеке басын растайтын құжат қажет болады.
3) Матчқа қатысуға арналған QR коды бар электрондық билеттер матч күні сатып алушының электрондық поштасына жіберіледі.
4) Билеттерге сұраныс жоғары болған жағдайда, www.zakazbiletov.kz сайтында онлайн кезек жүйесі іске қосылады.
Айта кетейік, УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңі аясындағы бұл матч 12 желтоқсан күні, сағат 20:30-да Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.