Ле Гре ФИФА-ның Париждегі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

Ле Гре ФИФА-ның Париждегі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды
Футбол

28 ақпан күні Франция футбол федерациясы басшысы қызметінен кеткен Ноэль Ле Гре жаңа жұмыс тауып үлгерді. ФИФА 81 жастағы маманды Париждегі жаңа кеңсесінің басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Президентке оның атқарған қызметі үшін, жақсы басшы болғаны үшін алғысымызды айттық. Джанни Инфантино президентті жаңа қызметке тағайындады. Ол ФИФА-ның Париждегі кеңсесін басқарады", - деп айтқан Франция футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі Эрик Боргини.  

Айта кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері Дидье Дешаммен келісімшартты ұзартқаннан кейін, Ле Гре Фрацния футболының аңыз ойыншыларының бірі Зинедин Зиданға қатысты жағымсыз пікір айтқан. Ол Франция құрама командасы бас бапкері қызметіне үімткерлердің бірі болған еді. Сонымен қатар, Франция футбол федерациясының қызметкерлері Ле Гренің оларға зорлық-зомбылық көрсеткенін айтқан. 2023 жылдың 17 ақпанында прокуратура осыған қатысты іс қозғап, тергеу амалдарын бастаған болатын. 

 Ле Гре ФИФА Кеңесі 37 мүшесінің қатарында екенін де айта өтейік.