Мадридтік “Реал” ойыншыларының ФИФА жүлдесінен құр қалғанына ашулы
Мадридтік “Реалдың” ФИФА өткізген The Best салтанатты марапаттау шарасының нәттжелеріне көңілі толмаған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “AS.com” сайтына сілтеме жасап.
Клуб басшылығы команданың Чемпиондар лигасы, Ла Лига, Еуропа мен Испания Суперкубоктарындағы жеңістеріне қарамастан, ойыншыларының марапаттан тыс қалғанына көңілдері толмай отыр. Өйткені, төрт ай бұрын Карим Бензема “Алтын допты”, ал Тибо Куртуа Лев Яшин атындағы сыйлықты алды.
Одан бөлек, Винисиус Жуниордың жыл құрамасына енуден үміттілердің соңғы тізіміне кірмей қалуы клубтың ашуын шақырған.
The Best жүлдесі жекелей жеңімпаздарын анықтау үшін бапкерлер мен құрама командалардың капитандары, журналистер мен жанкүйерлер дауыс береді, ал жыл құрамасы футболшылардың берген дауысымен ғана анықталады.