«Қайрат» командасы сырт алаңда «Сутьескадан» басым түсті
Футбол
fksutjeska
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта черногориялық «Сутьесканы» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Кездесудің бірінші таймында есеп ашылмады. Дегенмен ойынның екінші кезеңінде алматылық команда футболшылары алаң иелерінің қақпасына екі гол соқты. Матчтың 67-минутында Исмаил Бекболат есеп ашса, 81-минутында Жоржиньо пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді.
Осылайша екі кездесудің қорытындысы бойынша (алғашқы матч Алматыда 2:1 аяқталған еді) «Қайрат» 4:1 есебімен басым түсіп, турнирдің екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Келесі кезеңде алматылық клуб Кипрдің «Омония» клубымен кездеседі.