Қазақстан құрамасының қорғаушысы Стэнли Кубогы иегерімен төбелесті

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Стэнли Кубогы иегерімен төбелесті
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында “Ақ Барс” пен “Авангард” арасындағы кездесуде екі команда хоккейшілері төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матчтың 13-минутында Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Авангард” қорғаушысы Виктор Сведберг пен “ Ақ Барс” шабуылшысы, Стэнли Кубогының екі дүркін иегері Вячеслав Войнов жекпе-жек өткізген. Төбелес басталған бойында қазақстандық қорғаушы тізгінді өз қолына алып, бірер минут өткенде қарсылачын мұзға сұлатып түсірген. 

“Алғашында кіммен төбелесіп жатқанымды бірден білген жоқпын. Артымнан соққы жасалғанын сездім. Төбелесетін ойым болған жоқ, өзімді қорғауға тырыстым. Эмоцияларымызды сыртқа шығардық, басқа мәселе жоқ”, - деді Виктор Сведбергтің өіз төбелес жайында. 

Осы әрекеті үшін Қазақстан құрамасының қорғаушысы 17 минут айып уақытын алды. Оның екі минуты дөрекілігі үшін, бес минуты төбелес, ал 10 минуты тәртіптік айып ретінде берілді. Ал Войновқа тек екі минут айып уақыты жазылды. 

“Авангард” бұл матчта овертаймда қарсыласына есе жіберді - 2:3. 

Төбелестің толық видеосын келесі сілтемеден көруге болады: video.khl.ru