Конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңіне неше спортшымыз қатысады
Қысқы спорт
ҰОК
20-22 қараша күндері Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Алдағы жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды.
Ерлер: Нұралы Ақжол, Виталий Щиголев, Артур Галиев, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Андрей Зуев. Әйелдер: Алина Дауранова, Мария Деген, Арина Ильященко, Алина Шумекова, Инесса Шумекова, Кристина Шумекова, Кристина Силаева, Дарья Важенина.
Айта кетейік, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта күміс медаль иеленген болатын.