Шорт-тректен әлемдік тур: Сеулдегі кезеңге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Шорт-тректен әлемдік тур: Сеулдегі кезеңге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Қысқы спорт

Olympic.kz

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін әлемдік турдың үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алдағы жарыста еліміздің намысын алты спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына Мақсат Уалиулла, Павел Цой, Алишер Абулкатимов, Санжар Жанисов, Давид Нашаев және Дамир Курманов кірді.

Айта кетейік, халықаралық жарыс 20-22 қараша аралығында өтеді.