Қазақстандық хоккейшілердің еуропалық клубы мұз айдынға шықпай, жеңіске жетуі мүмкін

Қазақстандық хоккейшілердің еуропалық клубы мұз айдынға шықпай, жеңіске жетуі мүмкін
Хоккей

Оптибет лигасы тұрақты маусымы аясында өтетін кезекті ойында "Каунас Сити" сырт айдында "Земгале" командасымен кездесуі керек болған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл еуропалық клуб сапыда үш қазақстандық, атап айтса, қақпашы Демид Еремеев пен шабуылшылар Данияр Ғабудлиин мен Нұрсұлтан Белгібаев өнер көрсетеді. 22 ақпан күні кешке Лига техникалық себептерге байланысты матчтың өтпейтінін хабарлайды. 

Осы хабарламадан сәл кейінірек хоккейшілердің бірі "Земгале" клубы аренасының мұз құятын машинасы істен шыққанын айтты. Сонымен қатар, Оптибеттің ресми мәлімдемесінде матчқа қатысты қорытынды шешім жұма, яғни 24 ақпан күні хабарланатыны туралы айтылған.