Қазақстандық акробатшы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық акробатшы әлем чемпионатының финалына шықты
Қысқы спорт

Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатқан фристайл акробатикадан әлем чемпионатында ерлер арасындағы іріктеу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшылар арасынан тек Шерзод Хаширбаев финалдық кезеңге жолдама алды. Ол іріктеу сынында көрсеткен өнері үшін 106,79 ұпай алып, сегізінші орынға табан тіреді. 

Өзге отандық спортшылардан Дінмұхамед Райымқұлов 18-ші (87,57 ұпай), Роман Иванов 22-ші (61,33 ұпай), Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші (46,98 ұпай) орындарға тұрақтады.