Сагадеев қазақстандық ойыншылар арасында "Барыстың" ең үздік сұрмергені болды

Сагадеев қазақстандық ойыншылар арасында
Хоккей

Астананың «Барыс» клубының шабуылшысы Антон Сагадеев Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Омбының «Авангард» қақпасына дубль жасаған, деп жазады Bassport.kz.

Хоккейші осы екі шайбасының арқасында 23 (16+7) ұпай жинады. Бұл қазақстандық ойыншылардың арасындағы ең жоғары көрсеткіш. «Барыс» клубында Сагадеев екінші орында тұр. Көш басында команда капитанығ канадалық Линден Вей.

Сагадеевтен кейін қазақстандық хоккейшілерден Егор Петухов бар. Ол да 16 шайба соққан. Бірақ берген нәтижелі пасы аз.

Айта кетейік, «Барыс» кеше Омбыда «Авангардтан» 3:4 есебімен жеңілді. Сөйтіп, биылғы маусымды Шығыс Конференциясында соңғы орынмен аяқтайды.