Грэпплингтен Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Грэпплингтен Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
Басқа

Қазақстан құрамасы грэпплингтен ASIA OPEN 2023 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Елордада грэпплингтен балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында өткен ASIA OPEN 2023 турнирінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Жарысқа 1 200-ге жуық спортшы қатысты. Олар төрт күн бойы жас деңгейлері және салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын, Қырғызстан екінші орынды иеленді. Өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 2017 жылдан бері Астанада тұрақты ұйымдастырылады.

Сонымен қатар осы додада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Атап айтсақ, ересектер арасындағы Әлем чемпионаты биыл Польшада өтеді. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерледің дүниежүізілік жарыс Грекияда өтеді.