Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталды

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталды
Теннис

Елордадағы Ұлттық теннис орталығында жасөспірімдер арасында Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup және World Junior Tennis Competition 14&under турнирлеріне іріктеу сайыстары мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бес күнге созылған іріктеу нәтижесінде көктемде 14 және 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өтетін командалық әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды. 

16 жасқа дейінгі ұлдар: Әмір Омарханов (Қарағанды), Заңғар Нұрланұлы (Түркістан). Үшінші ойыншының есімі кейін белгілі болады. 

16 жасқа дейінгі қыздар: Іңкәр Дүйсебай (Алматы), Полина Слепцова (Алматы), Ариана Гогулина (Астана). 

14 жасқа дейінгі ұлдар: Ярослав Пшеничный (Астана), Мансұр Сайынов (Ақтөбе), Михаил Мищенко (Алматы).

14 жасқа дейінгі қыздар: Ева Корышева (Ақтөбе), Еркежан Жаңатаева (Алматы), Сабина Шухратова (Шымкент).