Президент бокстан әлем чемпионының жұдырығының күшіне баға берді

Президент бокстан әлем чемпионының жұдырығының күшіне баға берді
Бокс

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Степногорскідегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барған кезінде бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның жұдырығының күшін сынап көрді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы қаладағы спорт мектебін аралап болғаннан кейін, аймақтың атақты спортшыларымен және бапкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Президент Дина Жоламаннан жұдырығының күшін көрсетуді сұрап, алақанын тосты. Бұл сәт видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада Президенттің:

”Жақсы соққы”, - деп боксшыға баға бергені де естіледі.

Еске салайық, Дина Жоламан бокстан 2016 жылғы әлем біріншілігінің чемпионы. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 жылы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған.