Күрес түрлерінен Қазақстан іріктеу чемпионаты қай қалада өтеді
Жекпе-жек
ҰОК
1 желтоқсанда Орал қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Қазақстанның әр өңірінен жиналған балуандар 30 салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында ұлттық құрама спортшылары да бар. Аталған жарыстың қорытындысы бойынша 2027 жылғы ұлттық құрама сапына енетін балуандар да анықталады.
Айта кетейік, ел чемпионаты 7 желтоқсанға дейін жалғасады.