Шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңіне Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан кімдер қатысады
Қысқы спорт
ҰОК
Бүгін, 12 қарашада Италияның Бормио қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан намысын он шорт-трекші қорғайды.
Қыздар: - Даяна Айтыбек - Нұрия Алпысбай - Алина Лишенко - Раяна Манарбекова - Меруерт Сансызбаева
Ұлдар: - Әліби Әлімгереев - Жанарыс Мағжан - Максим Саенко - Жандос Серекпаев - Мейіржан Төлеген
Айта кетейік, әлем кубогы 14 қарашаға дейін жалғасады.