Америкада студенттер арасындағы баскетбол матчы төбелеске ұласқан (видео)

Америкада студенттер арасындағы баскетбол матчы төбелеске ұласқан (видео)
Баскетбол

Американың NCAA студенттер лигасының баскетбол матчы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Big West Conference конференциясының "Санта-Барбара" мен "Дейвис" командалары арасындағы матчта болған төбелеске екі ұжымның ойыншылары да қатысқан. 

Осының нәтижесінде "Санта-Барбара" командасының екі ойыншысы бір матчтан шеттетілген, сондай-ақ "Дейвистің" бас бапкерінің көмекшісі де бір ойынға дисквалификация алған.  

Еске салайық, бұл матчта "Санта Барбара" 84:74 есебімен қарсыласынан басым түсті.