Баскетболдан Түркия құрамасының ойыншысы қиранды астында қаза тапты

Баскетболдан Түркия құрамасының ойыншысы қиранды астында қаза тапты
Баскетбол

Түркиялық баскетболшы қыз Нилай Айдоған жойқын жер сілкінісінен көз жұмды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бұл туралы Түркия баскетбол федерациясы мәлімдеді. 

"Біз ұлттық құрама ойыншысы Нилай Айдоғанның қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Ол Суперлигадағы Чанкай университетінің командасында ойнаған", - делінген федерация хабарламасында. 

Айта кетелік, бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен жас волейболшылар мерт болған еді.