Павел Акользиннің жаңа келісімшарты бойынша алатын маусымдық жалақысы белгілі болды

Хоккей
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Павел Акользин осыдан бірнеше күн бұрын магнитогорскілік "Металлургпен" келісімшартын тағы 2 жылға ұзартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
2025 жылға дейін шақталған жаңа келісімшарт бойынша 32 жастағы шабуылшының маусымдық жалақысы 15 миллион рубль немесе 212 мың доллар болады.
Форвард 2021-2022 жылдар маусымынан бері "Металлург" намысын қорғап келеді. Ол биылғы маусымның 50 матчында 13 (9+4) ұпай олжалаған. Сонымен қатар, ол кем құрамда шайба соғу көрсеткіші бойынша командасында көш бастап тұр - 4 гол.