Ұлттық құраманың қос ойыншысы "Металлургпен" келісімшарттарын ұзартты

Ұлттық құраманың қос ойыншысы
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қой ойыншысы магнитогорскілік "Металлургпен" келісімшарттарын ұзартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Шабуылшы Павел Аколзин мен клуб арасындағы жаңа келісімшарт екі маусымға шақталған. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы 2025 жылға дейін магнитогорскілік клубтың намысын қорғайды. 

Қорғаушы Алексей Маклюков те "Металлургпен" келісімшартын тағы екі жылға ұзартты. 29 жастағы хоккейші 2025 жылға дейін "Металлург" сапында өнер көрсетеді.

Екі ойыншы да "Металлург" құрамын 2021 жылдың тарснферлік кезеңінде толықтырғанын айта кетейік.