Eurasia Jastar Cup: бапкер жеңіліп қалған шәкірттерін аренада түнеткен

Eurasia Jastar Cup: бапкер жеңіліп қалған шәкірттерін аренада түнеткен
Хоккей

Астанада хоккейден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Eurasia Jastar Cup турнирінде шу шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыс барысында 3х3 турнир өткзііліп, оның қола жүлдесі үшін таласта Беларусь жасөспірімдер командасы мен Ресейдің әйелдер құрамасы сынға түскен. Матч нәтижесінде белорусиялық жасөспірімдер ресейлік хоккейші қыздардан 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Беларусь жасөспірімдер құрамасының  бас бапкері Дмитрий Шульга ойыншыларын жазалау үшін оларды "Барыс Аренаның" киім ауыстыру бөлмесінде түнеуге қалдырған. 

3х3 турнирде Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жеңімпаз атанса, Қазақстан командасы екінші орынға ие болды.