Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Астанадағы турнирде екінші орын алды
Астанада өтіп жатқан “Eurasia Jastar Cup” турнирінің “3х3” жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
7 минуттан 3 кезеңге созылатын турнирде ұлттық құрама алғаш болып Ресейдің әйелдер құрамасымен кездесіп, 3:0 есеьімен жеңіске жетті.
3х3. Қазақстан U-18 - Ресей әйелдер құрамасы - 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 11:34 - Кошевник (Шипилин)
2:0 - 17:50 - Әлібек
3:0 - 20:12 - Қажыбеков
Қақпашылар: Никитин - Тараканова
Бір жеңіске жетіп, финалға өткен отандастарымыз ақтық сында Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездесті. Сергей Старыгин шәкірттері 0:2 есебімен жеңіліс тауып, екінші орынға тұрақтады.
3х3. Қазақстан U-18 - Ресей U-16 - 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)
0:1 - 02:11 - Потапов Б
0:2 - 10:39 - Потапов Б
Қақпашылар: Истомин (Никитин, 14:00 - 21:00) - Прохоров