Дмитрий Гренцтің плей-оффта қай қазақстандық клубқа көмектесетіні белгілі болды
Хоккей
Өскемен хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Дмитрий Гренц Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінде қай клубтың сапын толықтыратыны белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі “Shaiba.kz” сайтына сілтеме жасап.
Осы маусымда мәскеулік “Звезда” рамысын қорғаған форвард көкшетаулық “Арданның” қатарына келіп қосылуы мүмкін.
Биыл спортшының командасы Бүкілресейлік хоккей лигасының плей-рфф кезеңінен тыс қалған. Ал спортшы маусымның 42 ойынында 21 (9+12) ұпай олжалаған.
Бұған дейін шабуылшы “Барыс”, “Торпедо” мен “Номад” командаларында өнер көрсетті.