Егор Петухов “Барыстың” үздік снайпері атанды
Хоккей
Астаналық “Барыс” шабуылшысы Егор Петухов команаданың үздік снайпері атанып, гол соғу көрсеткіші бойынша Линден Вйемен теңесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
”ЦСКА-ға” қарсы болған кешегі ойында Егор Петухов бір нәтижелі соққымен көзге түскен, бұл шабуылшының осы маусымдағы 16-шайбасы.
Биылғы тұрақты маусымның 62 матчында Егор Петухов 22 (16+6) ұпай еншілеген. Шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасындағы үздік маусымын өткізіп жатыр. Бұған дейінгі маусымдарда соққан шайбаларының қосындысы биылғы көрсеткішімен (16) тең. Ол әр маусымда тек 4 голдан соғып келген, ал плей-офф матчтарында нәтижелі соққымен көзге түспеген.