Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында 7-орын алды

Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында 7-орын алды
Басқа

ҰОК

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда бақ сынады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі қашықтықты 28,85 секундта жүзіп өтіп, сегіз спортшының арасында жетінші орынға ие болды. Қытай спортшысы Се Ичэнь жеңімпаз атанды. Ол 28,13 секундта мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Иори Миядзаки (28,42) иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Максим Машлякевич (28,46) түйіндеді.