Дзюдодан Гран-при: Дидар Хамза қола жүлдеден қағылды

Дзюдодан Гран-при: Дидар Хамза қола жүлдеден қағылды
Дзюдо

Дзюдошы Дидар Хамза Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде медальсіз қалды, деп жазады Bassport.kz. 

90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дидар кіші финалда венгриялық Ролан Гоздан "ваззари" ұпайымен ұтылды. 

Осылайша, қазақстандық балуан жарысты бесінші орынмен аяқтады. 

Бүгін Дидардан бөлек, Камила Берліқаш (+78 келі) та қола медальға таласады.