"Қалай ату керектігін көрсетті": Ресейліктер қазақ қызының шеберлігіне тәнті болуда

Басқа

Ресей мен Беларусь спортшылары халықаралық жарыстарға жіберілмеген соң, екі ел спортшылары Раубичи олимпиада орталығында "Достастық кубогін" өткізіп жатыр, деп жазады Bassport.kz.

Аталған жарыста Беларусь намысын қорғайтын қазақ қызы Динара Әлімбекованың шеберлігі көпшілікті таң қалдырды.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Дмитрий Васильев Динара Әлімбекова ресейлік биатлоншы қыздарға нағыз шеберлік үлгісін көрсеткенін айтты. Ол із кесу жарысында атудан мүлт кетпей, бірінші орын иеленген. 

"Динара қалай ату керектігін көрсетті. Кітаптағыдай түсіндітріп берді. Бұл жағынан біздің қыздарымыз қатты артта келе жатыр", - деді Васильев.

Айта кетелік, Динара Әлімбекова биатлоннан Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы. Ол Беларусь намысын қорғайды.