FIS ресейлік шаңғышыларды әлем чемпионатына жібермейтінін кесіп айтты

FIS ресейлік шаңғышыларды әлем чемпионатына жібермейтінін кесіп айтты
Басқа

Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясының бас хатшысы Мишель Вион Ресей және Беларусь спортшылары биылғы әлем біріншілігіне қатыстырылмайтынын айтты, деп жазады Bassport.kz. 

Айта кетелік, бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті Украинадағы арнайы операцияны қолдамайтын спортшыларды нейтралды статус арқылы жарыстарға жіберу туралы ұсыныс айтқан болатын. 

"FIS Ресей мен Беларусь спортшыларын 2022/23 жылғы маусымдағы жарыстарға қатыстырмау туралы шешімді былтырғы қазан айында қабылдаған. Сондықтан, ешқандай мүмкіндік жоқ. Әлем чемпионатына дейін ешқандай шешім қабылданбайды", - деді бас хатшы.