#АуылФутбол жобасының жетекшісі Президенттен көмек сұрады
Футбол
#АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
2022 жылғы халыққа жолдауыңызда сайлаудан кейін ұлықтау рәсімінде мемлекеттің, үкіметтің басты шаруаларының бірі - ауыл мәселелерін шешу, ауылдың әлеуетін көтеру екенін айтқан едіңіз. Осы шаруалардың ішіндегі проблема балаларға құжат, яғни паспорт алу. Бүгінгі таңда балалардың паспорт алу бағасы 25000 теңге болып тұр. Оны алуға кез-келген отбасының жағдайы, қаражаты жетпейді. Сондықтан сізден сұрап отқанымыз 16-17 жасқа дейінгі балаларға паспорт алу мәселесін шешіп берсеңіз. Паспортты тегін беру жағын қарастырсаңыз, - дейді Серік Мәмбетов.