Ресей мен Беларусь құрамасы Азия ойындарына қатысуға шақырту алды

Ресей мен Беларусь құрамасы Азия ойындарына қатысуға шақырту алды
Басқа

Украинамен соғысқа байланысты ресейлік спортшылар көптеген жарыстардан шететтілгені белгілі. Енді олар Еуропадан абырой таппаған соң, Азияға ауысуды ойлап жүр, деп жазады bassport.kz тілшісі. 

Жақында Ресей футбол одағы УЕФА-дан шығып, Азияға барады деген ақпарат тараған. Енді, олимпиадалық комитеті де сары құрлықты таңдауы мүмкін.

Бүгін Азия олимпиадалық комитеті Ресей мен Беларусь құрамасына жазғы Азия ойындарына қатысуға ұсыныс жасапты. Хат мәтіні ресми сайтында жарияланған.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда өтеді.

Азия олимпиадалық кеңесі спорттың біріктіруші күшіне сенеді. Сонымен қатар барлық спортшылар, ұлтына немесе төлқұжатына қарамастан, жарыстарға қатыса алуы керек. Ұйым ресейлік және беларусьтік спортшыларға Азия жарыстарында, соның ішінде Азия ойындарына қатысуға ұсыныс жасады. Одан бөлек, Азия олимпиадалық кеңесі Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық ареналарға қайтару жөніндегі халықаралық олимпиада комитетінің шешімін күтуде, - делінген ұйымның мәлімдемесінде.