"Астана" клубына тағы бір легионер қақпашы келді

Футбол

"Астана " футбол клубына хорватиялық қақпашы қосылды. Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз орталығы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

29 жастағы қақпашы кәсіби мансабының көп бөлігін Хорватияда өткізіп, "Рудеш", "Истра" және "Загреб" командалары құрамында өнер көрсетті. 

2020 жылы Чондрич Ресей Премьер-Лигасында ойнап, "Ротордың" намысын қорғады. 

Ол соңғы рет босниялық "Зринькиде" ойнап, жеңімпаз атанған. Ол жалпы 38 матчқа қатысып, оның жиырмасында қақпасына бірде-бір соққы дарытқан жоқ.