Рыбакина vs Азаренко: кездесулер тарихы. Жартылай финалда кімнің асығы алшысынан түседі?

Рыбакина vs Азаренко: кездесулер тарихы. Жартылай финалда кімнің асығы алшысынан түседі?
Теннис

Ертең, 26 қаңтар күні таңертең теннистен аустралия ашық чемпионатының жартылай финалдық матчы өтеді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина белорусиялық спортшы Виктория Азаренкомен кездеседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Екі спортшы кәсіби мансаптарында бір-біріне қарсы тек бір матч өткізген. 2022 жылдың 15 наурызында теннисшілер АҚШ-та өткен BNP Paribas Open - Indian Wells турнирінде кездескен. Ол кезде жеңіс қазақстандық Елена Рыбакина матчты өз пайдасына шешті - 6:3, 6:4. 

Ертеңгі болар матч екі теннисшінің екінші бетпе-бет кездесуі болмақ. 

Елена Рыбакина өткен Уимблдон чемпионы атанды. Ал Виктория Азаренко болса, екі дүркін Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы. 

Қазақстандық теннисші талайды ұстамдылығымен тамсандырды, осының арқасында ол көптеген қарсыласынан басы түсіп жүр. Сондай-ақ, Елена Рыбакинаның жойқын соққысы оған басымдыққа ие болуға көмектеседі. Қазіргі таңда ол Australian Open-нің әйелдер арасындағы бәсекесінде ең көп эйс жасаған (35) теннисші. 

Ал 33 жастағы белорусиялық Виктория Азаренко бір адамға жаңа өмір сыйлап, одан кейін теннистің биігіне қайта шыға алған санаулы спортшылардың бірі. 

Теннистен Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалдық матчы Астана уақытымен 06:00-де басталады.