Қазақстандық шорт-трекшілер Универсиадада күміс медаль еншіледі

Қазақстандық шорт-трекшілер Универсиадада күміс медаль еншіледі
Қысқы спорт

АҚШ-тың Лейк-Плэсидінде өтіп жатқан студенттік ақ ойындарда шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетеда күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі.Командамыз ерлер эстафетасы бойынша финалға жолдама алды. Ал бұрымдыларымыз әйелдер эстафетасында эстафетасы “Б” финалына өтті. Сонымен қатар, ертең, жарыстың соңғы күні спортшыларымыз 1000 метр қашықтықта бақ сынайды.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан құрамасы аралас эстафетада "В" финалында өнер көрсеткен. Алайда "А" финалында бақ сынаған Оңтүстік Корея, АҚШ және Қытай құрамалары пенальти алып, жарыстан шығып қалды. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы екінші сатыға көтерілді.