Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
Қысқы спорт

Ашық дереккөз

Астанада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды  Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Елордада 3-5 қазан күндері мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтеді. 

Жарысқа 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қатысушылар қатарында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар. Жарыс «Барыс Арена» спорт кешенінде жеке конькимен сырғанау, мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді.