Астанадағы әлем чемпионаты: Балуан Зейнеп Баянова қола медаль алды
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Беларусь өкілі Наталья Варакинадан басым түсті. Кездесу 6:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Зейнеп Баянова жуырда Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында да қола жүлдеге ие болған еді.