Екі боксшымыз жаһанның үздік елулігіне енді

Екі боксшымыз жаһанның үздік елулігіне енді
Бокс

Worldboxingnews.net сайты Жер планетасының үздік 50 боксшысының (салмақ дәрежесіне қарамастан) тізімін жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлемдік рейтингтің көшін украиналық былғары қолғап шебері Александр Усик бастады. Екінші орынға Наоя Иноуэ тұрақтаса, үздік үштікті мексикалық боксшы Сауль Альварес түйіндеді. 

Сондай-ақ, жаһанның ең мықты боксшыларының ондығына Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэйни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада мен Шакур Стивенсон енді. 

Дүниежүзінің үздік былғары қолғап шеберлерінің тізімінен қазақстандық боксшылар да шет қалған жоқ. Үздік елулікке екі былғары болғап шеберіміз енді: Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, қос боксшымыз да кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетеді. Головкин WBA Super, IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша, ал Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы.