Михаил Шайдоров қолаға қол созым жерде қалды
Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстарында өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар студенттер бәсекесін жүлдесіз аяқтады. Михаил Шайдоров қолаға қол созым жерде қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бүгін таңертең мәнерлеп сырғанаудан ерлердің еркін бағдарламадан сайысы өтті. Қазақстан намысын қорғаған екі спортшымыз да - Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев еркін бағдарламада өнер көрсетуге мүмкіндік алған.
Универсиада жүлделері сарапқа салынған күні Шайдоров қос бағдарлама қорытындысында 231,08 ұпай еншілеп, төртінші орынға табан тіреді. Ал төрешілерден 196,41 ұпай алған Диас Жиренбаев он бірінші орынға жайғасты.
Ерлер арасында жапониялық Стао Ямамото (274,86 ұпай) Универсиада чемпионы атанса, отандасы Тацуи Цубоя (243,82 ұпай) күміс иеленді. Ал италиялық Николай Мемола (231,33 ұпай) әлем студенттері жарысының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде де жапониялық қос спортшы еліне алтын және күміс медальдармен оралатын болды. Маи Михара алтын олжаласа, Олимпиаданың қола жүлдегері (2022 жыл, Бейжің) Каори Сакамото күміспен күптелді. Ал қос бағдарлама қорытындысында 200,16 ұпай еншілеген Елим Ким үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, Ясмин Текик пен Руссалина Шакрованың еркін бағдарламаға өте алмаған. Ал мұз үстіндегі биде өнер көрсеткен Гаухар Наурызова - Бойсангур Датиев жұбы жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған.
Осылайша, мәнерлеп сырғанаушыларымыз Универсиаданы жүлдесіз аяқтады.