Том Леффлер: Головкиннің шау тарта бастағаны бұрын батылы жетпегендерге жақсы болды
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының шау тарта бастағаны көбісіне жақсы болғанын айтты, деп хабарлайды bassport.kz.
Ол GGG жасы ұлғайған сайын өзінің ең жақсы жылдарында онымен жұдырықтасуға батылы бармайтын басқа боксшылар үшін әлдеқайда тартымды нұсқаға айналды деп отыр.
Геннадий әлі де орта салмақтағы чемпион. Ол осы салмақтағц титулдарға ие және мен оның келесі жекпе-жегінде белбеуді қорғайтынына сенімдімін. Қазір оған HBO-да өнер көрсеткен бұрынғы күндермен салыстырғанда жекпе-жек өткізу оңайырақ. Бұрынғы кезде көптеген боксшылар онымен жұдырықтаспау үшін әлем титулдарын босатты. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға еді. Бір қызығы, енді Геннадий жақында 41 жасқа толады. Соған қарамастан оған ұсыныстар көбейіп жатыр. Өйткен осыған дейін батылы жетпегендер шау тарта бастағанда жеңгісі келеді. Бірақ Головкин әлі де өз қайратында, - дейді промоутер.
Сонымен қатар Том қазақстандық боксшының мансабын жалғастыруға ниетті екенін және келесі жекпе-жекте міндетті қарсыласпен кездесетінін еске салды. Головкиннің қазіргі міндеттті қарсыластары – бразилиялық Эскива Фалькао мен кубалық Эрисланди Лара.