Криштиану Роналду "Алтын доптарының" бірін 600 000 еуроға сатып жіберді

Криштиану Роналду
Футбол

Атақты футболшы, Сауд Аравиясының "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 2013 жылы жеңіп алған "Алтын доп" сыйлығын көшірмесін аукционға қойып сатып жіберді, деп хабарлайды bassport.kz.



Футболшының 2017 жылы аукционға қойған "Алтын добының" көшірмесін Израиль азаматы сатып алған. Ол 600 000 еуроға бағаланды. Аукциондағы Лондондағы "Дорчестер" қонақ үйінде өтті.


Түскен ақшаның бәрі Make-A-Wish Foundation қорына аударылды. Бұл емделмейтін аурулары бар балалардың тілектерін орындайтын қайырымдылық ұйымы.


Атақты футбол жұлдызының қайырылымдылыққа қатысты жақсылықтары көп. Криштиану 2010 жылы 10 жасар жанкүйердің миына операция жасаудан бастап, бірнеше қайырымдылыққа қатысқан. 2015 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейін Непалға 5 миллион фунт стерлинг аударғаны да көпшілікке мәлім.


Сонымен қатар, португалиялық анасы қатерлі ісік ауруымен емделген ауруханада ғылыми зерттеулерді қаржыландырды.
2015 жылы Криштиану спорт әлеміндегі ең басты қайырымдылық жасаушы ретінде танылған.