Елена Рыбакина Аделаидағы турнирдің финалына шықты

Елена Рыбакина Аделаидағы турнирдің финалына шықты
Теннис

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Турнирдің жұптық сынында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге өнер көрсетіп жатқан Рыбакина украиналық-латвиялық Елена Остапенко мен Людмила Киченок дуэтін 1 сағат 31 минуттың ішінде 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Финалда Рыбакина мен Павлюченкова дуэті чехиялық Мириам Колодзьежова және Маркета Вондроушова немесе бразилиялық-америкалық Луиза Стефани-Тэйлор Таунсенд жұптарының бірімен кездеседі.