Жеңіліп көрмеген қазақ файтері бразилиялық Фабрицио Нуньеспен кездеседі

Жеңіліп көрмеген қазақ файтері бразилиялық Фабрицио Нуньеспен кездеседі
Жекпе-жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшы Фабрицио Нуньеспен кездеседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген екі спортшының жекпе-жегі 21 қаңтар күні Алматыда өтетін Octagon 39 турнирінің басты кездесуі болмақ. Азат Мақсұм бұған дейін қазақстандық Octagon лигасының чемпионы болған, ал Фабрицион Нуньес болса Brazil Grand және MFT белбеулерінің иегері. 

Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық файтер әлемнің үздік промоушені UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізуге жақын болған. Алайда қолының жарақатына байланысты америкалық лигамен келісімшартқа қол қоюды кейінгі шегеруге тура келді.