Астаналық базар қызметкері ММА чемпионы атанып, әріптестері қарсы алды (ВИДЕО)

Астаналық базар қызметкері ММА чемпионы атанып, әріптестері қарсы алды (ВИДЕО)
Жекпе-жек

Бекжан Әбілқасым және Санжар Ташкенбай/Instagram: @bekzhan_abilkassym

Астаналық базар қызметкері ММА чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстандық ММА файтері Бекжан Әбілқасым Алматыда өткен Naiza 78 турнирінде өз салмағында топ жарып, чемпиондық белдікті иеленді. 

Титулдық жекпе-жекте ол тәжікстандық Бежан Ходжалиевпен жұдырықтасты. Жеңіл салмақта өткен айқас бес раундқа жоспарланғанымен, кездесу бірінші кезеңде аяқталды. 

Әбілқасым қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын өз пайдасына жазды. Осы нәтижемен ол Naiza FC ұйымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізді. 

Турнирден кейін спортшыны әріптестері ерекше қарсы алған.