Биатлоншы Галина Вишневская ана атанды

Биатлоншы Галина Вишневская ана атанды
Қысқы спорт

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы көшбасшыларының бірі Галина Вишневская ана атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Біздің чемпион әрі ұлттық құраманың ұзақ жылғы көшбасшысы Галина Вишневскаяны дүниеге сәби әкелуімен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, бақыт, жарқын және ұзақ өмір жолын тілейміз!", - деп құттықтаған спортышын Қазақстан биатлоншылар одағы. 

Айта кетелік, қазақстандық биатлоншы әртүрлі халықаралық жарыстардың 9 алтын медалін олжалаған.