Рыбакинаның Аделаидада өтетін турнирдегі қарсыласы ауысты

Рыбакинаның Аделаидада өтетін турнирдегі қарсыласы ауысты
Теннис

Әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабер келесі аптада Аустралияның Аделаида қаласында өтетін екінші турнирге қатыспайтынын мәлімдеді. Сондықтан WTA 500 турнирінде бақ сынайтын қазақстандық Елена Рыбакинаның турнирдегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осы аптада Аделаидада өткен бірінші турнирдің жартылай финалында оны арқасындағы жарақаты мазалаған. 

Тунистік теннисші теннис тартысын екінші айналымнан бастауы керек болған, алайда енді оның жарыстағы орнын Дарья Касаткина басты. Ал Касаткинаның орны Петра Квитоваға (12) бұйырып, ол қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күш сынасады. 

Australian Open алдындағы WTA 500 турнирі 9-15 қаңтар күндері өтеді.